Уханьда карантин тәртібі алынса да, бақылау күшейген

09 сәуір, 12:55

Фото: 24.kz

Қытайда кеше қауіпті вирус жұқтырған 63 адам анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24». Олардың 61-і өзге мемекеттен келгендер. Жалпы қазір сырттан ауру жұқтырған 729 науқас ем қабылдауда.

Алматы, NEGE. Уханьда карантин аяқталғаннан кейінгі алғашқы күннің өзінде 55 мың тұрғын қала аумағынан сыртқа шыққан. Бұл тек темір жол арқылы кеткендер саны. Жергілікті билік азаматтардың жеке көліктерімен де қозғалуына рұқсат берген.

11 миллион тұрғыны бар Ухань қаласында карантин тәртібі алынып тасталды. Шаһардан шығатын жолдар, әуежайлар мен теміржол вокзалдары ашылды. Алайда, әлі күнге дейін сыртқа шығу оңай емес. Уханьда оқитын жерлесіміз Артёмның айтуынша, үйден шығу үшін белгіленген ережелер бар. 

Аулаға кіріп-шыққанда арнайы QR-код сканерлеуге тиіссіз. Осылай коронавируспен ауырған адаммен қатынаста болмағаныңызды растайсыз. Қала ашылғанымен, аурудың алдын алу мен бақылау шаралары жалғасып келеді. Коммуналдық қызметтердің жүздеген маманы әр пәтерге кіріп, жағдайды қадағалап жүр. Бір қызметкер күніне шамамен мың үйді аралап шығады.

Қала өмірі бұрынғы қалпына келе бастады. Біз өз қызметіміз аясында оқшауланған адамдарға жәрдем береміз. Үйлерінен шыға алмайтындықтан, азық-түлік пен тұрмысына қажетті заттарын жеткіземіз. Қаладағы әрбір тұрғын үй індеттен зардап шеккен. Коронавирустың қасіретін өз көзімен көрген отандасымыз Артём Қазақстан тұрғындарын тазалық сақтап, бетперде тағуға шақырып отыр.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации