Түрмеде 500-ге жуық адам коронавирус жұқтырған

10 сәуір, 12:01

Фото: 24.kz

АҚШ-тың Чикаго штатында орналасқан түрменің 172 қызметкері мен 276 жазасын өтеуші қауіпті вирус жұқтырды деп хабарлайды Кук округінің шерифі.

Алматы, NEGE. Науқастардың біреуі осы індеттен көз жұмды. Қазір жағдайы нашарлай бастаған 21 адам жергілікті ауруханада, тағы 36 науқас түзеу мекемесінде ем қабылдап жатыр. Қалғандары карантинде оқшауланған. Айта кетейік, АҚШ-та коронавирустың өршуіне байланысты елдегі бірнеше абақтыларда сотталушылар бүлік шығарып жатыр. Қамауда отырғандар түрмеде індеттің ілмегіне іліну қаупі жоғары деп дабыл қағуда.

 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации