Түркияның 30 азаматы шетелде қайтыс болған

25 наурыз, 15:24

Фото: news.day.az

Коронавирус жұқтырған Түркияның 30-дан астам азаматы шетелде көз жұмды. Бұл ақпаратты Түркия Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу растады.

Алматы, NEGE. Мевлют Чавушоглудың мәліметіне қарағанда, қазір түрік үкіметі қайтыс болғандардың денесін елге жеткізу мәселесімен шұғылданып жатыр. Сондай-ақ, ол «коронавирустың алдын алу үшін билік мүмкін делінген барлық шараларды қолға алғанын» жеткізген.  

Түркияда індет жұқтырғандар мен коронавирустан көз жұмғандар көбейе бастады. 24 наурыз күнгі бір тәуліктің қорытындысы туралы айтқан Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджа «24 саағат ішінде 3 952 адамға тест жасалып, 343 адамның індет жұқтырғаны анықталды. Олардың жетеуі қаза тапты» деген еді бүгін таңертең твиттердегі жазбасында.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации