Түркия: Вирус жұқтырған екінші науқас қайтыс болды

19 наурыз, 10:31

Фото: twitter.com

Түркияда жаңа типтегі коронавирустан екінші адам көз жұмды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Қожа мәлім етті.

Алматы, NEGE. «Біз тағы бір науқастан айырылып қалдық. Бұл 61 жастағы ер адам», – деп жазды ведомство басшысы Twitter-дегі парақшасында.

Оның айтуынша, соңғы тәулікте елде коронавирусқа шалдығудың 93 жаңа оқиғасы тіркелген.

«Індетке шалдыққандардың жалпы саны 191 адамға жеткен», – деді Ф.Қожа.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации