Түркіменстанда қонақүйлерді адыраспанмен аластауда

16 наурыз, 12:16

Фото: orient.tm

Ашхабад қаласында  Түркіменстанның БҰҰ-мен әріптестігіне орай халықаралық конференция өтті. Жергілікті «Ориент» басылымының жазуынша, кездесу өткен «Йылдыз» қонақүйіндегі конференц-залдар мен бөлмелердің бәрін адыраспанмен аластаған.

Алматы, NEGE. 

Одан бөлек қатысушылардың бәрі қолдарын антисептикпен зарарсыздандырып, мұрындарын оксолин майын жаққан. Кездесудің алдында ғана Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов коронавирустан сақтану үшін  ел тұрғындарын адыраспанды пайдалануға шақырған еді. Бердімұхамедовтың пікірінше, адыраспанмен аластау арқылы бактерияларды өлтіруге болады, ал қызыл бұрыш тұмауға қарсы бірден бір тиімді ем көрінеді.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации