Түркіменстан халқы дағдарыс кезінде бар мүлкін сатып жатыр

22 мамыр, 12:09

Фото: azattyg.org

Түркіменстанның Мары уәлаятының тұрғындары экономикалық дағдарыс салдарынан үйіндегі мал, көлік секілді мүлкін арзан бағаға сатып жатыр.

Алматы, NEGE. «Билік қатты желден бұзылған үйлерімізді жөндеп бермей жатыр. Ұшып кеткен шатырларды, құлаған қабырғаларды өзіміз тұрғызып жатырмыз. Мұнымен қоймай, коммуналдық төлемдерді мерзімінде төлеуді талап етіп жатыр. Күнделікті тамағымыз да таусылды», - дейді Мары тұрғындарының бірі.

Түркіменстанда Мары аймағында ұзақ жылдан бері созылған дағдарыстан тапшылық қатты байқалады. Азық-түлік бағасының қымбаттауынан бөлек жергілікті тұрғындар айлық жалақысын, зейнетақысын уақытында ала алмай келеді. Оның үстіне 27 сәуірде бұл аймақта қатты дауыл болып, біраз үйлер бұзылды. Түркіменстан билігі мен мемлекеттік ақпарат құралдары елдегі проблемалар жайлы тіс жарып айтпайды.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации