Трамп пайыздық өсімақыны мейлінше төмендеткісі келеді

07 наурыз, 12:37

Фото: ғаламтордан

АҚШ президенті Дональд Трамп Федералды қор жүйесін пайыздық өсімақыны мейлінше төмендетуге шақырды. Бұл туралы Рейтер агенттігі хабарлайды.

Алматы, NEGE. Трамп бұл жөнінде COVID-19 індетіне қарсы күреске қосымша 8 млрд 300 млн доллар бөлу туралы заң жобасына қол қою барысында мәлімдеген. Бұған дейін АҚШ-тың федералды жүйесі базалық өсімақыны 1,00−1,25%-ға дейін төмендеткен еді, алайда бұл қадам қор нарығындағы құнсыздануды тоқтата алмады. Коронавирус АҚШ-тың қор нарықтарына елеулі зиянын тигізіп жатыр. Dow Jones, S&P 500, Nasdaq индекстерінің бәрі кешегі күнді елеулі құлдыраумен аяқтаған.

 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации