Трамп коронавируспен күреске 100 млрд доллар бөлді

19 наурыз, 12:45

Фото: profile.ru

АҚШ президенті Дональд Трамп коронавирус жұқтырғандарға 100 миллиард доллар көлемінде әлеуметтік және қаржылық көмек көрсету туралы заңға қол қойды. Бұл туралы сәрсенбі күні Ақ үйде өткен баспасөз конференциясында мәлім болды.

Алматы, NEGE. Жаңа заңды Сенат мақұлдаған. Дәрігерлік тексеру кезінде індет жұқтырғаны белгілі болғандар ақылы еңбек демалысына шығады. Сондай-ақ, салық пен азық-түлік алуда жеңілдіктерге ие болады.

18 наурызда АҚШ ғалымдары коронавирусқа қарсы вакцинаны клиникалық сынақтан өткізіп жатқаны жөнінде ақпарат тараған. Сол күні өткен брифингте  пандемияға қарсы күреске байланысты Трамп өзін «соғыс уақытының» президенті деп атаған еді.

Сонымен қатар, Канада мен АҚШ коронавируспен күресу үшін шекараларды жабуға келісті. Тараптардың пікірінше, шара екі ел арасындағы саудаға зиянын тигізбейді.

Америка Құрама Штаттарында 19 наурыз күні таңертеңгі ақпаратқа сәйкес, 9365 адам коронавирус жұқтырған. Оның 153-і қайтыс болса, 108-і сауығып, ауруханадан шығарылған.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации