Төтенше жағдай жарияланды

14 наурыз, 11:52

Фото: facebook.com

АҚШ президенті Дональд Трамп елдегі жаңа коронавирустың таралуына байланысты төтенше жағдайдың жалпыұлттық режимін жариялады.

Алматы, NEGE. «Мен ресми түрде ТЖ режимін жариялаймын», – деді ол.

Трамп бұл жағдай вируспен күресуге «50 миллиард долларға дейін» бөлуге мүмкіндік беретінін түсіндірді.

Оның айтуынша, денсаулық сақтау министрлігіне коронавирусқа қарсы күресу үшін жаңа өкілеттіктер беріледі. Ведомство дәрігерлер мен ауруханаларға вируспен күресуде "барынша икемділік" беру үшін қолданыстағы заңнама нормаларына өзгеріс енгізе алады. Оның ішінде денсаулық сақтау министрлігі дәрігерлер басқа штаттардағы науқастарға көмектесе алу үшін лицензиялық режимді жеңілдетеді. Бұдан басқа, ауруханалардағы төсектер саны көбейеді. Денсаулық сақтау министрлігі ауруханаларға қосымша дәрігерлерді тартуға мүмкіндік береді.

«Біз ешқандай ресурсты аямаймыз, мүлде ешқайсын», – деді Трамп.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации