Том Круз коронавирусқа байланысты карантинге жатқызылды

01 наурыз, 19:09

Фото: ғаламтордан

Танымал Голливуд актері Том Круз Венецияда "Миссия невыполнима" фильмінің жетінші бөлімінің түсірілімдері барысында әріптестерімен бірге карантинге жатқызылды.

Алматы, NEGE.Актерлер Венецияның ең қымбат қонақүйлерінің бірі Gritti Palace-те оқшауланған. Карантин кем дегенде 2 наурызға дейін созылады.Түсірілім командасы мүшелерінің ешқайсы вирус жұқтырмаған.

Том Круз 20 ақпанда Венецияға бірнеше экшн-түсірілімге қатысу үшін келген – гондолда және қаланың көрнекті жерлеріне баруы керек болған, бірақ Италиядағы коронавирустың таралуына байланысты фильмнің түсірілімін тоқтата тұруға тура келген.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации