Тәжікстан билігі шетелде қалып қойған барлық азаматтарын қайтармақ

22 мамыр, 11:38

Фото: azattyg.org

Тәжікстан үкіметі коронавирус пандемиясына байланысты шекаралар жабылғаннан кейін, шетелде қалып қойған отандастарын кезең-кезеңмен еліне қайтаратынын мәлімдеді.

Алматы, NEGE. 19 мамырда Ресейден Тәжікстанға ондаған мигрант оралды. Тәжік кәсіпкері Адиба Рахимова екі айдан бері 19 жерлесімен Стамбұл қонақ үйінде тұрып жатыр. Олар бірнеше рет елшілікке хабарласқанын, бірақ нәтиже шықпағанын айтады.

"Әл-Ибтикор Туризм" компаниясының басшысы Саид Абдуллоев Дубайда 180 адам қалып қойғанын жеткізді. Тағы 100 шақты тәжік азаматы Үндістанда наурыз айынан бері еліне қайта алмай жүр. Тәжікстан билігі шетелдегі азаматтарының бәрін еліне қайтару үшін бар мүмкіндікті қарастырып жатқанын мәлімдеді.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации