Татар мүфтиі: «Ресей – орыстар үшін» емес!

04 наурыз, 14:38

Фото: russian.rt.com

Татарстан мүфтиі Кәміл Самигуллин Конституцияға енгізілетін «мемлекет құраушы халық» туралы түзетуге қарсы шықты.

Алматы, NEGE.  Оның пікірінше, мұның салдары ауыр болмақ. «Орыстардың титульды ұлт екені рас. Бірақ олармен бірге Ресейде көптеген тұрғылықты халықтар тұрады. Олар да осы мемлекеттің құрылуына үлес қосқан», – дейді мүфти. Алайда ол Ресейдің көп дінді ел екенін алға тарта келе, Конституцияға «құдай» сөзінің енуіне оң баға беріп отыр.

22 сәуірде Ресейде Конституцияға енгізілетін түзетулерге жалпы ұлттық дауысқа салынады. Бұл күн демалыс деп жарияланған

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации