Соңғы 100 жылда тіркелмеген аптап ыстық болды

21 мамыр, 14:56

Фото: MIGnews

 Израильде бірнеше күннен бері күн ерекше ысып тұр, деп хабарлайды «Хабар 24». Жергілікті мамандардың сөзінше, мұндай аптап бұрын-соңды тарихта тіркелмеген.

Алматы, NEGE. Сынап бағанасы 40 градустан түсер емес. Осыған байланысты ел тұрғындары сая іздеп, су бұрқақтарын жағалап жүр. Біраз жұрт тыйым салынғанына қарамастан, жағажайға қарай жөңкілді. Израильде күн шыжып тұр. Соңғы күндері мұнда аптап ыстық жұрт мазасын алды. «Күннің қызуы адам өміріне қауіп төндіре бастады», - дейді мамандар. Олардың айтуына қарағанда, мұндай ми қайнатар ыстық Таяу Шығыста соңғы 100 жылда тіркелмеген.

 Шынында да, ми қайнатар ыстықтың дәл бұлай ұзаққа созылуы Израиль тарихында тіркелмеген құбылыс. Қазір ауаның құрғақтығы соншалық, ылғалдылық мүлдем сезілмейді. Соның салдарынан тұрғындар арасында күн өту мен бас айналу, тіпті көз жұму деректері де артты. Қазір азаматтар күн көзінен қорғанудың амал-шарғысын іздеп әлек. Бірі жанға жайлы сая таппай қиналса, кейбіреулер суға түсіп салқындауды құп көрген. Аптап ыстыққа байланысты аймақта сусындарға да сұраныс еселеп артқан. Ал, келесі аптада ашылуы тиіс болған кафе, барлар күтпеген жерден жұмысқа кірісті. Өйткені елді шөл қысып барады.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации