Словенияда коронавирус жұқтырған адам тіркелді

05 наурыз, 11:31

Фото: gov.si

Словения денсаулық сақтау министрлігі елдегі коронавирус жұқтырудың алғашқы жағдайын растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы, NEGE. Вирус жұқтырған адам Словенияға Мароккодан Италия арқылы келген. Ауру белгілері байқалған ер адам қазір Люблянадағы жұқпалы аурулар ауруханасында жатыр.

Жүргізілген зерттеу оң нәтиже берді. Ұлттық денсаулық сақтау институтындағы дәрігер Майя Сочанның (Maja Sočan) айтуынша, елге аталған вирусты Мароккода коронавирус жұқтырған науқас әкелген. Институт вирустың таралуының алдын алу үшін ер адаммен байланыста болған адамдарды табуы тиіс.

Ол Словенияға келіп, ауруханаға жатқанға дейін бірнеше күн өткен.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации