Сыра өндіретін зауыттар антисептикке ауысты

25 наурыз, 14:36

Фото: korrespondent.net

Мұндай шара қауіпті індеттің алдын алуға атсалысу ниетінен туындап отыр. Қол тазартқыштардың (антисептик) алғашқы партиясы қайырымдылық ұйымдарына тегін беріледі.

Алматы, NEGE. Канаданың Labatt компаниясы сыра өндіретін қондырғыларының бір бөлігін антисептик шығару үшін қайта жабдықтады. Бұл туралы 25 наурызда компанияның баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйеніп, korrespondent.net хабарлады.

Алғашқы 50 мың дана дезинфекциялаушы заттар қайырымдылық ұйымдарына, сондай-ақ, коронавируспен күрестің алдыңғы шебінде жүрген (дәрігерлер, азық-түлік өндірушілер) адамдарға тегін беріледі.

Компанияның төрт провинциядағы бес зауыты бірдей осы мақсатқа жұмылады, делінген ақпаратта.

Еске сала кетейік, бұған дейін шотландтық алкоголь өндірушілер де антисептиктерді шығара бастаған. Дезинфекциялық заттардың болмауы  сыра өндіретін компанияларды осы бағытта жұмыс істеуге итермелеген.

 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации