Сингапур шекарасын тас бекітеді

22 наурыз, 12:44

Фото: ғаламтордан

Сингапур билігі жексенбі күні коронавирус жұқтырған екі адам қайтыс болған соң шекарасын жауып тастау туралы шешім қабылдады.

Алматы, NEGE.  Аралдағы қала-мемлекет бірнеше мемлекеттің азаматына елге келуіне тыйым салған. Сонымен бірге Сингапурға келгендердің 14 күндік карантинде отыруын талап етуде. Енді ел билігі сейсенбіден бастап барлық шетелдікке Сингапурға кіруге немесе ел аумағынан өтуге жол жабатынын мәлімдеді. 

22-наурызда жарияланған мәлімдемеде бұл шараның індеттің өршуіне тосқауыл болатыны және үкіметке өз азаматтарын емдеу жағын жеңілдететіні жайлы жазылған. Сингапурға осы мемлекеттің азаматтары, осында тұратындар мен ұзақ мерзімге елде жұмыс істеуге рұқсаты бар шетелдіктер ғана орала алады, бірақ олар 14 күн бойы оқшауланады. 

6 миллионға жуық халқы бар қала-мемлекетте 432 адам коронавирум жұқтырған. Сенбі күні кешке 75 жастағы Сингапур азаматшасы мен Индонезиядан келген 64 жастағы азаматтың қайтыс болғаны белгілі болды.

 

 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации