Шілдеде шекарасын ашатын Еуропа қазақтарды өткізбейтін болды

30 маусым, 10:26

Фото: inform.kz

Еуропалық Одақ азаматтарға 1 шілдеден бастап өз аумағына кіруге рұқсат берілген 14 елдің тізімін атады. Бұл тізімге Ресей, АҚШ, Қытай Бразилия, Қазақстан кірмеген. Бұл туралы BBC агенттігі хабарлады.

Aлматы. NEGE. Еуропа билігінің шешіміне сәйкес, коронавирустың таралуы тұрғысынан «қауіпсіз» деп танылған елдер: Алжир, Аустралия, Канада, Грузия, Жапония, Черногория, Марокко, Жаңа Зеландия, Руанда, Сербия, Оңтүстік Корея, Таиланд, Тунис және Уругвай. Бұл тізімге өзгеріс енгізілуі мүмкін, ол екі апта сайын қайта қаралып отырады. Дипломатиялық ақпарат көздеріне сүйенсек, Қытай билігі еуропалықтарға осындай құқық берсе, Қытай да қауіпсіз елдер тізіміне қосылуы мүмкін. BBC еуропалық редакторы Катя Адлер хабарлағандай, сейсенбі күні түстен кейін ЕО қауіпсіз деп танылған елдерді ресми критерийлері бойынша нақты мақұлдамақ. Алайда, ЕО мүшелерінің көпшілігі жоғарыда аталған елдердің тізімімен келіскен.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации