Шешен блогері Тумсо Абдурахмановқа қастандық жасалды

27 ақпан, 11:21

Фото: lenta.ru

Аса саяси белсенділігімен көзге түсіп жүрген шешен блогері Тумсо Абдурахмановқа белгісіз біреу қастандық жасамақ болған. Бұл туралы VAYFOND құқық қорғау қауымдастығының сайтында жарияланды.

Алматы. NEGE. Қастандық жасаушы Абдурахмановтың үйіне кіріп, ұйықтап жатқан жерінде оны балғамен ұрып өлтірмек болған. Блогер оянып кетіп, қарсыласып, ақырында оны өзі ұстаған. Әйтсе де, жарақат алып қалған көрінеді. Қазір ауруханада жатыр.

Тумсо Абдурахманов Рамзан Қадыровпен жанжалдасқаннан соң, 2015 жылы Ресейден кетуге мәжбүр болған. Блогер қазір Варшавадан тұрып жатыр. Ол Ресейден бөлініп, Шешенстанның тәуелсіздік алғанын қалайды.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации