Сауд Арабиясы коронавирус көп тіркелген елдер тізіміне Қазақстанды да қосты

28 ақпан, 11:56

Фото: cnbc.com

Сауд Арабиясында жеті елдің азаматтарына туристік электронды визалар беру уақытша тоқтатылды. Бұл тізімге Қазақстан да енген, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматы. NEGE. «Коронавирустың таралуының алдын алу мақсатында Қытай, Жапония, Сингапур, Оңтүстік Корея, Малайзия, Италия және Қазақстан азаматтарына туристік электронды визалар беру тоқтатылды. Сонымен бірге бұл елдердің азаматтары Сауд Арабиясының әуежайларына келгенде туристік визаларды ала алмайды», - делінген хабарламада.

Аталған елдерде бұрын алынған туристік визаларды да олар пайдалана алмайды, демек Сауд Арабиясына кіргізілмейді. Әмірлік билігі мұны «уақытша шаралар» деп сендірді.

Электронды туристік виза алуға құқығы бар өзге 40-тан астам елдің азаматтары визаны әуежайға келгенде ала алады.

Қазақстан коронавирус ауруы көп тіркелген елдер тізіміне қалай кіріп кеткені белгісіз. Редакция бұл жайтқа байланысты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінен түсініктеме беруді сұрады. 27 ақпандағы жағдайға сәйкес, ешбір қазақстандық, соның ішінде әлемде де коронавирус инфекциясын жұқтырған жоқ.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации