Сайлауға 800 миллион доллар жұмсалды

03 наурыз, 11:34

Фото: facebook.com

Израильде кезектен тыс сайлау өтіп жатыр.

Алматы, NEGE. Бұл соңғы бір жылда елде өтіп жатқан үшінші сайлау. Оған 29 партия мен бірлестік қатысып отыр.

Соңғы екі сайлаудан кейін үкімет құруға арналған әрекет нәтиже берген жоқ. Билік үшін басты бақталас ретінде премьер-министр басқаратын Ликуд партиясы және генерал Ганц жетекшілік ететін Ақ-көгілдірлер партиясы аталып отыр.

Израильдің шамамен 6 жарым миллион халқы сайлау құқығына ие.

Алайда Орталық сайлау комиссиясы дауыс беруге адам аз келеді ме деп күдіктеніп отыр. Өйткені жұрт таусылмайтын сайлау науқанынан жалығып кетті.

Соңғы 11 айда сайлау ұйымдастыруға 800 миллион доллар жұмсалған. 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации