Рио-де-Жанейрода тұрғындардың көшеге шығуына рұқсат етілді 

03 маусым, 11:42

Фото: 24.kz

 Әлемде коронавирусты жұқтырғандар бойынша көш бастап тұрған елдің бірі Бразилияның кей шаһарында карантин режимі жеңілдей бастады. 

Алматы, NEGE. Рио-де-Жанейро қаласында дүкендер ашылып, тұрғындардың көшеге шығуына рұқсат етілді. Бірақ адамдар арақашықтықты сақтап, қоғамдық орындарда медициналық бетпердені тағып жүруі тиіс. Жергілікті билік шектеу шараларын тамыз айына дейін толықтай алып тастауды көздеп отыр. Ал ресми дерекке сүйенсек, Бразилияда індетті жұқтырғандар саны 530 мыңнан асып, дерттен 30 мың науқас көз жұмған.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации