Ресейде коронавирустан 8 адам қайтыс болды

29 наурыз, 20:33

Фото: facebook.com

Ресейде коронавирусқа шалдыққан 8 адам көз жұмды. Бұл туралы елдің инфекциямен күрес жөніндегі жедел штабы хабарлады.

Алматы, NEGE. Соңғы тәулікте 4 науқастың көз жұмғаны белгілі болды:

2 адам Мәскеуде, 1 адам Орынбор облысында және 1 адам Санкт-Петербургте қайтыс болды.

Ресейде коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 1534-ке жетті.

Індет елдің 65 өңіріне тараған. Кеселден 64 адам айықты.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации