Ресейде коронавирусқа қарсы 6 түрлі вакцина жасалды

20 наурыз, 20:13

Фото: tvsamara.ru

Ресейлік ғалымдар коронавирус инфекциясына қарсы 6 вакцина ойлап тапты, деп мәлімдеді Ресей премьер-министрі. Михаил Мишустин бұл туралы 20 наурызда өткен үкіметтің коронавируспен күрес жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысында айтты.

Алматы, NEGE. Ресей үкімет басшысының сөзіне қарағанда, мамандар вакцинаны соңғы биотехнологияларды пайдалана отырып, екі ай шамасында жасап шыққан. Зертханадағы жұмыс тәулік бойы жүргізілген. Қазір жаңа препараттар сынақтан өткізіліп жатыр.

«Алдағы уақытта вакциналардың қауіпсіздігі мен тиімділігі расталады және олар індеттің алдын алуға септеседі деп үміттенеміз», - дейді Мишустин.

Осыдан бір апта бұрын «Вектор» вирусология және биотехнология мемлекеттік ғылыми-зерттеу орталығы коронавирусқа қарсы  вакциналардың прототиптерін жасап, сынақтан өткізе бастағаны (жануарларға) хабарланған еді. Ресей ғалымдары вакцинаны жаппай қолданысқа енгізу 2020 жылдың төртінші тоқсанында мүмкін болады деп болжап отыр.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации