Ресейде коронавирус жұқтырғандар саны 59-ға жетті

15 наурыз, 08:17

Фото: focus.ua

Кеше Ресейде қауіпті індетке шалдыққан 14 адам тіркеліп, жалпы, коронавирус жұқтырғандар саны 59-ға жетті.

Алматы, NEGE. Вирус жұқтырғаны нақтыланғандардың тоғызы – Мәскеуден, қалғандары – Санкт-Петербург қаласы мен Калининград және Кемерово облыстарынан. «Известия» басылымының дерегіне қарағанда, індетке шалдыққандардың барлығы Еуропа елдерінен (Италия, Франция, Австрия, Германия, Испания, Польша және Швейцария) оралған.

Олардың қатарында – Қытайдың екі , Италияның бір азаматы бар.   

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации