Ресейде коронавирус жұқтырғандар саны 10 мыңнан асты

09 сәуір, 15:03

Фото: inform.kz

Ресейде жаңа коронавирус жұқтырғандар саны кеше 1 459 жағдайға өсті. Елдің 81 өңірінде вирус жұқтырғандардық жалпы саны 10 131 адамға жетті, деп хабарлайды  ТАСС агенттігі. 

Алматы, NEGE. «Бүгінгі күні Ресейде коронавирус инфекциясының 10 131 жағдайы (+ 16,8%) 81 өңірден жинақталған түрде тіркелді. Өткен тәулікте 118 адам сауығып, ауруханадан шығарылды. Осы уақытқа дейін Ресейде 698 адам емделіп шықты. Тәулігіне коронавирустан 13 науқас қайтыс болған. Ресейдің барлық аумағы бойынша 76 адам көз жұмған» делінген штабтың хабарламасында.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации