Ресей ұшағы Қара теңізге құлады

26 наурыз, 10:46

Фото: minval.az

Алдын ала мәліметтер бойынша, Ресейдің Су-27 әскери ұшағы Қара теңізде жоспарлы ұшу кезінде апатқа ұшыраған. 

Аламты, NEGE. Бұл туралы Ресей Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап РИА Новости хабарлады.

Ақпаратқа қарағанда, Феодосиядан 50 шақырым жерде ұшақ дабыл берген көрінеді. Құтқару жұмыстарына апат болған маңға жақын жүрген  сүңгуір қайық пен азаматтық кемелер, сондай-ақ,  Ан-26, Ми-8 тікұшағы жұмылдырылған.

«Ауа-райының қолайсыздығына байланысты ұшқышты іздеу қиындық туғызып жатыр» делінген Қорғаныс министрлігінің мәліметінде.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации