Рамзан Қадыровтың коронавирус жұқтырғаны рас па?

23 мамыр, 11:21

Фото: vesma.today

 Шешенстан парламентінің спикері Магомед Даудов Рамзан Қадыровтың коронавирусқа шалдыққаны жайлы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE. Оның айтуынша, БАҚ беттеріндегі таралған мәлімет қауесет болып саналады. Даудов мемлекет басшысының денсаулығы жақсы деп отыр. Еске салайық, таяуда Шешенстан Республикасының басшысы Рамзан Қадыровтан коронавирус белгілері байқалып, президент Мәскеу ауруханаларының біріне түсті деген ақпарат желдей тарап кеткен. Жалпы, Шешенстан Республикасында «Ковид-19» дертіне шалдыққан науқастардың саны бір мыңнан асты. Індеттен 11 адам көз жұмды. Мамырдың 16-сынан бастап елде карантин шектеулері біртіндеп жеңілдей бастады. 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации