Путин Конституцияға өзгерту енгізуді кейінге қалдырды

25 наурыз, 19:42

Фото: РБК

Ресей президенті Владимир Путин жаңа ғана тікелей эфир арқылы Ресей халқына арнап мәлімдеме жасады. Ол Конституцияға өзгерту енегізу мәселесі кейінге қалатынын айтты.

Алматы, NEGE. Владимир Путин өзінің өкілеттігін ұзартуға қатысты Конституцияға өзгерту енгізу мәселесі кейінге шегерілетінін айта келе, орыс халқына қарата үндеу тастады.

«Әлемді жайлаған дерт «бізді айланып өтуі мүмкін» деген ойдан аулақ болыңыздар. Еуропа елдерінде не болып жатқанын көріп отырсыздар. Бұл жағдай біздің де басымызға тууы мүмкін. Бұдан құтылудың жолы – үйде отыру. Сол үшін бір апталық демалыс жарияланады. Алдағы сенбіден бастап, бір апта ресейліктер демалады. Айлықтары сақталады. Сонымен бірге бұған дейінгі жеңілдіктер де сол күйінде қалады», – деді Путин.

Алайда халыққа қызмет көрсететін мекемелер жұмысын жалғастырады. Путин елдің экономикасына қатысты алаңдаушылықтың заңды екенін ескерте келе, Ресей кейбір халықаралық келісімдерден біржақты бас тартатанын ескертті.

«Елдің болашағы өзіміздің қолымызда. Сондықтан әрбір ресейлік төнген қауіпті жете түсініп, жауапкершілікті сезінуі керек», – деп сөзін түйіндеді.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации