Полицияның басын балғамен жарған

15 наурыз, 09:29

Фото: pikabu.ru

Ел-жұрттың есін алған коронавирусты теріс пиғыл үшін сәтті пайдаланып жүргендер де бар екен. Мәселен бейсенбі күні түнде бетіне медициналық бетперде таққан үш адам жол полициясы қызметкеріне тап беріп, басын балғамен жарған.

Алматы, NEGE. Оқиға Бішкек қаласының Ленин ауданында болған.       

«Полицияға шабуыл жасалғаны жөніндегі хабар кезекші бөлімге 12 наурыз күні түнгі сағат  23.30 шамасында түскен. Құқық қорғаушыға Әжібек батыр көшесінде бетіне бетперде киген үш адам тап берген. Олардың бірі 38 жасар аға лейтенанттың басын балғамен жарған. Және оқиға орнынан із суытқан. Қазір «бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс көтеріліп, шабуыл жасағандар іздестіріліп жатыр. Полиция қызметкері ауруханаға жатқызылды» делінген 24.kg таратқан ақпаратта.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации