Пашинян да карантинде

14 наурыз, 12:25

Фото: vedomosti.ru

Армения премьер-министрі Никол Пашинян әйелімен бірге коронавирусқа қатысты тексеруден өтіп жатыр. Бұл жөнінде үкімет басшысы  Facebook желісіндегі парақшасында мәлімдеді.

Алматы, NEGE. «Ертең біз бәрі дұрыс екенін білу үшін тест тапсырамыз», - деді ол кеше әлеуметтік желідегі жазбасында. Оның сөзіне қарағанда,  мұндай қадамға Бразилия президенті Джаир Болсонарудың басындағы ахуал себеп болған.  

«7 наурыз күні Анна (Пашинянның әйелі - ред.) Бразилия президентінің әйелімен кездесті. Президент өзі инфекция туралы ақпаратты жоққа шығарса да, біз үкімет үйінен оқшауланып, тексеруден өткенді дұрыс деп санадық. Дене қызуынан аманбыз. Дәрігерлердің пайымдауынша, біздің вирус жұқтыру ықтималдығымыз төмен» деді Пашинян.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации