Пәкістан мен Қазақстанда бәрі арзан

03 наурыз, 07:37

Фото: Сәрсенбек Қызайбек

Ceoworld журналы әлемдегі ең қымбат елдердің тізімін жасады. Рейтингте Швейцария көш бастап, жаһандағы ең қымбат ел деп танылды.

Алматы, NEGE. Екінші орында –  Норвегия. Одан кейінгі орындарға Исландия, Жапония, Дания, Багам аралдары, Люксембург, Израиль, Сингапур және Оңтүстік Корея жайғасқан.

Тізімде АҚШ (20-орын), Ұлыбритания (27-орын), Сауд Арабиясы (57-орын) және Ресей (82-орын) бар.

Ал Қазақстан қымбат елдер рейтингіндегі 132 елдің арасында 117-орыннан көрінді.

Айта кетейік, CEOWORLD журналы рейтинг жасау барысында мемлекеттердегі киім-кешек, такси құны, коммуналдық қызметтер, интернет, азық-түлік бағасы, транспорт және тамақтану сияқты бірқатар шығындарды есепке алған.

Аталған көрсеткіштер бойынша Пәкістан Республикасы әлемдегі ең арзан ел ретінде танылды.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации