Әлем

18.01.20 Елден қашқандарды экстрадициялау оңай болмай тұр

«Еуропалық Кеңестің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тобы (GRECO) жеке істерге немесе жеке тұлғаларға қатысты мәселелерді қарастырмайды», – деді ГРЕКО атқарушы хатшысы Джанлуко Эспозито. Бұл жөнінде ҚазТАГ агенттігі хабарлайды.

18.01.20 Ең кішкентай адам өмірден озды

Әлемдегі ең қортық адам – Хегандра Тапа Магар 28 жасында қайтыс болды. Бұл жөнінде «Гиннестің рекордтар кітабы» өзінің сайтында хабарлап отыр.

17.01.20 Қытайдағы қауіпті вирус басқа елдерге тарай бастады

Қытайда қауіпті коронавирус жұқтырған науқастардың саны артып, қырық адамнан асты. Елдің бір тұрғыны қайтыс болды. Ғалымдардың болжауынша, вирус адамнан адамға өтуі мүмкін.  Қазақстанның санитарлық дәрігерлері Қытайда вирус таралғаннан кейін теміржол вокзалдары мен әуежайларда бақылауды күшейтті.   

17.01.20 Аятолланы биліктен құлатуы мүмкін

Пехлеви шахтың заңды мұрагері Реза ханзада ирандықтарды аятолланың режимін құлатып, саяси революция жасауға шақырды. Бұл жөніндегі мәлімдемесін ол The National Interest басылымына берген сұхбатында айтты.

17.01.20 Дэвид Аттенборо: Жер шары жарылудың аз-ақ алдында тұр

«Дәл қазір Аустралияның оңтүстік-шығысында алапат өрт болып жатыр. Неге бұлай болды? Өйткені, жер шарының температурасы көтерілді. Жер шары жарылудың аз-ақ алдында тұр»

17.01.20 Украина премьер-министрі «кетем» деп жатыр

Украина премьер-министрі Алексей Гончарук отставкаға кетуге өтініш жолдаған. Бұл туралы Украина президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

17.01.20 Мишустин Ресей премьер-министрі болды

Ресей президенті РФ Конституциясының 83-бабының «а» пунктіне сәйкес, Михаил Мишустинді премьер-министр етіп тағайындады.

17.01.20 Моңғолияда елде жоқ жылқы өсіріледі

Моңғолияның еңбек сіңірген зоотехнигі Л.Лхаасурен Тес жылқы тұқымының гені генофондқа енгізілгенін мәлім етті, деп хабарлайды Montsame басылымы.