Әлем

22.01.20 Қытайдағы вирус өршіп барады

  Қытайда белгісіз вирусты жұқтырғандар саны артып жатыр. Қытайда өкпе ауруына шалдықтыратын вирустың жаңа түрі адамнан адамға жұғатынын анықтады.

22.01.20 Ғылым мен технология саласында көшбасшы кім?

АҚШ бұрын ғылым мен технология саласында әлемдік көшбасшы болған еді. Жаңа зерттеу нәтижелері Америка рейтингінің түсіп кеткенін көрсетті, деп жазады CNN. 

22.01.20 Абдолла Арипов премьер-министр болды

Өзбекстан парламенті елдегі премьер-министр лауазымына Абдолла Ариповтың кандидатурасын бекітті. 

21.01.20 Мирзияев одақтан бас тартпақ

Шавкат Мирзияев Өзбекстанның Еуразиялық экономикалық одақ құрамына кіру мәселесіне қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Kun.uz. 

21.01.20 Оңтүстік Кореяда қазақстандық бойжеткеннің денесі табылды

Оңтүстік Кореяда 29 жастағы қазақстандықтың денесі табылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

21.01.20 Мексиканы шулатқан Эль Помо ұсталды

Мексиканың мемлекеттік тергеу агенттігінің мамандары дүйсенбіде елдің солтүстігіндегі Нуэво-Леон штатында өңірлік картель басшысын ұстады.  

21.01.20 Коронавирус жалмап барады

20 қаңтарда келіп түскен соңғы дерек бойынша Қытайда коронавирустың жаңа түріне 250-ден астам адам шалдыққан. Олардың 218-і Уханьда болса, 5 адам – Пекинде, Шанхайда бір адам, Гуандун провициясында 14 адам дертке шалдыққан. Сондай-ақ, 14 дәрігер осы дертті жұқтырып алған.

21.01.20 Бет-әлпетті тану жүйесіне тыйым салынбақ

Еуропалық комиссия қоғамдық орындарда бет-әлпетті тану жүйелерінің қолданылуына бес жылға дейін тыйым салу мәселесін қарастырып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды ВВС.