Әлем

24.01.20 Әлемдегі ең кішкентай монета жарыққа шықты

Швейцария ақша сарайы әлемдегі ең кішкентай алтын монетаны шығарды. Онда әйгілі Альберт Эйнштейннің тілін шығарып тұрған бейнесі бедерленген. Бұл туралы Associated Press агенттігі хабарлады.

24.01.20 Ресейлік хакер қылмысын жартылай мойындады

Кибер-қылмыс жасады деп күдікке ілінген Алексей Бурков өзіне тағылған бес айыптың екеуін мойындаған. Сот отырысы 24 қаңтар күні АҚШ-тың Вирджиния штатында өткен. Бұл туралы РИА Новости хбарлады.  

23.01.20 Қауіпті вирус AliExpress арқылы жеткен тауармен де жұғады

Ресейлік вирусологтар Қытайда пайда болған 2019-nCoV коронавирусы AliExpress интернет сауда алаңынан тапсырыспен алынған тауармен де жұғуы мүмкін екенін мәлімдеді.

23.01.20 Коронавирустың неден жұққаны анықталды

Ғалымдар Қытайда тараған коронавируске генетикалық талдау жасады. Бұл туралы зерттеу Journal of Medical Virology басылымында жарық көрді.

23.01.20 Ауру жұқтырған қытай азаматы Францияға өтіп кеткен

  Ухань қаласының коронавирус жұқтырған тұрғыны Францияға өтіп кетіпті. Ол әуежайдағы тексерулерді алдап өте алған. Бұл туралы Франциядағы Қытай елшілігі хабарлаған.

23.01.20 Аяғы ауыр әйелдерді АҚШ-қа кіргізбеуі мүмкін

Қаңтардың 24-нен бастап АҚШ екіқабат әйелдерге виза беру тәртібін қатаңдатады. АҚШ билігі мұндай әйелдер Құрама Штаттарға баласы америкалық төлқұжатқа ие болу мақсатында ғана босануға келеді деп санайды. Бұл туралы AP агенттігі хабарлады.

23.01.20 Ресейде Конституцияны өзгертуге қадам басталды

23 қаңтарда Мемлекеттік дума президент Владимир Путин ұсынған Конституцияға өзгерістерді алғашқы оқылымда ақ қабылдады.

23.01.20 Ресей «қартайып» барады

Ресей халқының тең жартысына жуығы, дәлірек айтқанда, 47 пайызы 2060 жылға қарай зейнетке шығады. Бұл туралы Credit Suisse экономистерінің баяндамасына сілтеме жасап «Ведомости» газеті хабарлады.