Әлем

26.01.20 Уханьда дәрігерлер жаялықша киюге мәжбүр. Індет ошағында дәрігерлер өле бастады (видео)

Індет ошағында дәрігерлер жетіспей жатыр. Ухань қаласындағы коронавирус індетінің ошағында жұмыс істеп жатқан қытай дәрігерлері әжетханаға баратын уақыттың жоқтығынан ересектерге арналған жаялықша киюге мәжбүр. Бұл туралы Washington Post хабарлады.

26.01.20 Трамптың басы тағы дауға қалды (видео)

АҚШ-тың беделді басылымы - The New York Times пен  Associated Press агенттігі  АҚШ президенті Дональд Трампқа қатысты 2018 жылы түсірілді делінген бейнежазбаны жариялады.  

26.01.20 Качиньский Ресей мен Германиядан Екінші дүниежүзілік соғыс үшін Польшаға өтемақы төлеуді талап етті

Польшаның билеуші партиясы - «Құқық пен әділет» жетекшісі Ярослав Качиньский  немістің Bild басылымына берген сұхбатында Ресей мен Германия Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Польшаға келтірген залалдары үшін өтемақы төлеп беруге міндетті деп санайтынын мәлімдеді.

26.01.20 Си Цзиньпин Қытайдағы коронавирустың таралуы үдеп кеткенін мойындады

Қытай басшысы Си Цзиньпин қытайлық жаңа жыл мерекесіне қатысты өткен үкіметтің  арнайы жиналысынан кейін жаңа індетті ауыздықтау қиынға түсіп жатқанын мәлімдеді.

26.01.20 3 мың жылдық мумия сөйледі (видео)

Британ ғалымдары біздің дәуірімізге дейінгі 1100 жылы өмір сүрген мысырлық абыз Несьямунның дауысын келтіре алған. Олардың зерттеу жұмыстарының нәтижесі Scientific Reports журналында жарияланды. Ондағы деректерге сенсек, мумияның дауыс желбезегі мен көмейі жақсы сақталған екен.

26.01.20 Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдағы індетке байланысты үкіметке тапсырма берді

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter желісіндегі парақшасында Қытайдағы коронавирус індетіне қатысты ақпарат қалдырды.

25.01.20 Жапонияда 3 метрлік цунами болуы мүмкін

Жапония үкіметі жанындағы Жер сілкінісін зерттеу комитеті алдағы 30 жылда Тынық мұхитында қуатты жер сілкінісі болатынын айтты. Ол 3 метрлік цунами тудыруы мүмкін. 

25.01.20 Ұлыбритания Еуроодақтан қашан шығады?

Ұлыбритания патшайымы Елизавета ІІ парламент қабылдаған Еуроодақтан шығу туралы заң жобасын мақұлдады. Құжат заң ретінде күшіне енді.