Әлем

29.01.20 Австралия ғалымдары тәжвирусын қолдан жасаған

Сәрсенбі күні бір топ австралиялық ғалым тәжвирусының зертханалық үлгісін әзірлегендерін мәлімдеді. Бұл жұмыс індеттің әлемге таралуын тоқтатуға үлкен серпін беруі мүмкін.

29.01.20 Қытайда вирус жайламаған жер қалмады: індет Тибетке жетті.

Қытай билігі Уханьннан тараған тәжвирусы індетінің Тибетке жеткенін хабарлады. Бұған дейін Тибет Қытайдың вирус жайламаған жалғыз өңірі еді.

29.01.20 Ғалымдар вакцина ойлап тапты

Гонконг қаласының ғалымдары коронавирусқа қарсы вакцина ойлап тапты деп хабарлады қытайдың South China Morning Post басылымы.

29.01.20 Коронавирустан қаза тапқандардың саны 132-ге жетті

Қытайда коронавирусты жұқтырғандардың саны 5 974 адам болса, оның 132-сі қаза тапқан, – деп хабарлайды РИА Новости.  Ал кеше 4 515 адам вирус жұқтырып, 106 адам қаза тапқаны ресми түрде хабарланған.  

28.01.20 Сулеймани үшін кек алу жалғасуда

Иран генералы Сулейманидің өліміне қатысы бар америкалық әскери шенді өлтірілді.

28.01.20 Жапония тұрғыны қытай туристерінен коронавирус жұқтырған

Жапония үкіметі сейсенбі күні қытайлық жаңа коронавирусты жұқтырған тағы екі адамның анықталғанын мәлімдеді. Оның бірі – Ухан қаласына ешқашан бармаған туристік автобустың жүргізушісі, деп хабарлайды Kyodo агенттігі. 

28.01.20 «Тәжді тажалдың» мұсылмандарға жұқпайтыны рас па?

Мәселен, біз қойдың басын жейміз. Мұны кейбіреулер оғаш санауы мүмкін. Бұл да сол сияқты. Біздің күнде бас мүжіп жүрмегеніміздей, қытайлар да күнде жылан жемейді.

28.01.20 Британ ғалымы коронавирус әлемдік індетке айналуы мүмкін дейді

Ноттингем университетінің вирусология профессоры Джонатан Болл  коронавирустың әлемді жайлайтын індетке айналу қаупі тым жоғары деп мәлімдеді