Әлем

30.01.20 Вирус Үндістан мен Филиппинге жетті

Бейсенбі күні Үндістан мен Филиппин үкіметтері жаңа коронавирус дертіне шалдыққан алғашқы науқастардың тіркелгенін мәлімдеді

30.01.20 Ресей Қиыр Шығыстағы шекарасын жауып тастады

РФ премьер-министрі Михаил Мишустин Қиыр Шығыстағы Қытаймен шекараны жауып тастау туралы бұйрық берді.

30.01.20 Қытайлар жаназаға да жиналмайды

«Бейжің билігі коронавирусқа байланысты 2.02.2020 күні белгіленген қоштасу рәсімдері мен неке қиюға уақытша тыйым салды», – деп хабарлады Қытай жаңалықтар агенттігі.

30.01.20 Грета Тунберг өз атын сауда белгісі ретінде тіркегісі келеді

2019 жылы БҰҰ-да сөз сөйлеп танылған швед қызы Грета Тунберг өз атын сауда белгісі ретінде тіркеу туралы өтініш беріпті. Бұл туралы 17 жастағы қыз өзінің Instagram парақшасында хабарлаған.

30.01.20 Жалғыз сүңгуір қайық әлемді жарты сағатта жоқ қыла алады

National Interest журналы жер бетін жарты сағатта жермен-жексен ете алатын бес сүңгуір қайықтың тізімін жасады. Олардың арасында үш ресейлік субмарина мен екі америкалық сүңгуір қайық бар. Бұл бес сүңгуір қайықтың қатарына қазір қолданыста жүргені мен жақында қатарға қосылатындары кіріпті.

30.01.20 Еуропарламент Brexit келісімін мақұлдады

Еуропалық парламент Ұлыбританияның Еуроодақ құрамынан шығу туралы келісімді бекітті.

30.01.20 Тәжікстанда мешіттерді кинотеатрға айналдыруда

Тәжік билігі елдегі көлемі жағынан екінші қалада орналасқан мешітті кинотеатрға айналдыру туралы тапсырма берген. Соғды облысының орталығы Ходжанд қаласындағы 5 000 адам сыятын «Нури Ислам» мешіті шағын кинотеатр ретінде жасақталуда.

30.01.20 Шұғыл! Қаза тапқандардың саны 170-ке жетті, ДСҰ алаңдаулы

Қытайда коронавирустан қаза тапқандардың саны 170-ке жетті. Әлем бойынша вирус жұқтырған 7711 адам анықталған. Бұлардың көпшілігі Қытайда.  Бұл туралы South China Morning Post басылымы хабарлады.