Әлем

07.02.20 Аляскада ұшақ апатқа ұшырады

АҚШ-тың Аляска штатындағы Бетел қаласы маңында шағын ұшақ апатқа ұшырап,бес адам қайтыс болған. Бұл туралы жергілікті құқық қорғау органдарының мәліметіне сүйеніп, РИА новости хабарлады.

07.02.20 Түркіменстанда коронавирусты адыраспанмен емдей ме?

Түркіменстанда Қытайдан келген жүздеген түркімен азаматы Лебап уәлаятындағы Түркіменабат шетінде құрылған шатырларда жатқан көрінеді. Бұл туралы «Хроники Туркменистана» басылымының  тілшілері хабарлады.  

07.02.20 Йеменде «Аль-Каида» басшыларының бірі өлтірілді

АҚШ-тың арнайы жасағы Йемен Араб Республикасында «Аль-Каида» террорлық ұйымының Араб түбегіндегі жетекшісі Қасым аль-Римидің көзін жойды. Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз қызметі хабарлады.  

07.02.20 Toyota 10-ақпаннан Қытайдағы зауыттарының жұмысын тоқтатады

Короновирустың өршіп кеткеніне байланысты Toyota компаниясы Қытайдағы зауыттарының жұмыстарын тоқтату туралы шешім қабылдады.

07.02.20 Коронавирустан балалар айығып жатыр

Кеше Уханьда коронавирустың жаңа түрін жұқтырған балалар айығып, ауруханадан шығарылды. 

07.02.20 Коронавирустың тарағанын алғаш айтқан дәрігер көз жұмды

Қауіпті індеттің тарағанын ең алғаш болып 2019 жылы жариялаған Қытай дәрігері Ли Вэньлиан қайтыс болды.  Ақпаратты Қытайдың мемлекеттік «Женьминь Рибао» газеті растады, деп хабарлайды bbc.

07.02.20 Коронавирус: көз жұмғандар саны 639-ға жетті

Қытайдың Ұлттық денсаулық сақтау комиссиясы Ухань қаласында коронавирустан тағы 73 адамның қайтыс болғанын мәлімдеді. Әлем бойынша бұл індеттің құрбандарының саны 639-ға жетті.Қытайдың Ұлттық денсаулық сақтау комиссиясы Ухань қаласында коронавирустан тағы 73 адамның қайтыс болғанын мәлімдеді. Әлем бойынша бұл індеттің құрбандарының саны 639-ға жетті.

07.02.20 «Япончиктің» өліміне күдікті адам изоляторға қамалды

Мәскеудің Басман соты қылмыс әлемінің серкесі Муртаза Шаданияны тергеу изоляторына жөнелтті. Ол «Япончик» жанама атымен танымал заңдағы ұры Вячеслав Иванковтың өліміне қатысы бар деп айыпталған. Бұл туралы   «Интерфакс» хабарлайды.