Әлем

12.02.20 Коронавирус: вакцина 1,5 жылдан кейін дайын бола ма?

Коронавирусқа қарсы алғашқы вакциналар 18 айдан кейін, яғни 1,5 жылда дайын болуы мүмкін, деп мәлім етті Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) басшысы Тедрос Аданом Гебрейесус.

12.02.20 Коронавирустың балаларға жұқпайтыны рас па?

Ақпан айының басында Қытайда бір нәресте коронавирус диагнозымен өмірге келді.  Бұл осындай сырқатқа ұшыраған ең кішкентай пациент. Жалпы, қауіпті індет 1 мыңнан астам адамның өмірін қиып,  40 мыңнан астам адамға таралып үлгерді. Алайда науқастардың арасында балалар жоқтың қасы. Індетке туабітті шалдыққан сәби – әзірге жалғыз.

12.02.20 17 жылдан бері өлген жарының жанында түнеп жүр

Вьетнамдық Ле Ван 2003 жылы әйелінен айрылып, оның қазасына қатты қайғырыпты. Ол барлық уақытын зиратта өткізе бастаған. Тіпті әйелінің қабірінде түнеп жүреді. Кейін күн суытып, ашық далада түнеу қиынға соққан кезде Ле Ван әйелінің қабірінің қасынан туннель қазады.

11.02.20 Қытайдағы «қайта тәрбиелеу» лагерьлерінде қазақтар жоқ па?  

Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қытайдағы «қайта тәрбиелеу» лагерьлерінде этникалық қазақтар жоқ екендігін мәлімдеді. Алматы, NEGE. «Қайта оқыту» деген орталықтарда этникалық қазақтар болды. Бірақ былтыр біздің мемлекет басшымыз Қытайға барған кезде, ол елдің үкіметі этникалық қазақтар бұл орталықтардан шығарылғанын ресми түрде хабарлады», – деді Тілеуберді.  Соңғы екі жыл ішінде СІМ Қазақстанға Қытайдың Ұйғыр автономдық округіндегі Шыңжаңдағы этникалық қазақтардан бес мыңнан астам сұраным келіп түсіпті. министрдің айтуынша, олардың барлығына қажетті көмек көрсетілді.  Былтыр этникалық қазақтарға 43 мың виза берілді. Ол бір мәртелі емес, үш жылға тегін берілетін визалар. 2018 жылы біз тек 8 мың ғана берген едік. Өсім қандай екенін көріп тұрсыз ба?  Этникалық қазақтар Қазақстанға көптеп келіп жатыр, – деп қосты шенеунік.

11.02.20 Әзербайжанда қай партия жеңіске жетті?

Президент Илхам Алиев басында тұрған биліктің «Жаңа Әзербайжан» партиясы мерзімінен бұрын өткен сайлауда жеңіске жеткенін жариялады.

11.02.20 Өзбекстан Еуразиялық одаққа кіру жөнінде өтініш бермеген

Өзбекстаннан не басқа елдерден Еуразиялық одаққа кіру жөнінде ресми өтініш түспеді деп мәлімдеді Ресейдің сыртқы істер министрінің орынбасары Александр Панкин «Россия сегодня» агенттігіне берген сұхбатында.

11.02.20 Коронавирустан 1000-нан аса адам көз жұмды

ҚХР Денсаулық сақтау істері бойынша мемлекеттік комитетінің хабарлауынша, өткен тәулікте (10 ақпандағы жағдай бойынша) Қытайда коронавирус жұқтырған 2478 адам тіркеліп (Хубэй провинциясында – 2097), 108-і өліммен аяқталды (Хубэй - 103).

10.02.20 ДДСҰ: коронавирус біз ойлағаннан да қауіпті болуы мүмкін

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Қытайдан шыққан коронавирус әлемге тез тарап кетуі мүмкін екенін айтып, барлық елдің басшылығын дайын болуға шақырды.