Әлем

16.02.20 Тоқаев ДДСҰ бас директорымен кездесті

Мюнхен қаласындағы жұмыс сапары барысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бас директоры Тедрос Адхан Гебрейесуспен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.   

16.02.20 Еуропада коронавирустың алғашқы құрбаны тіркелді

80 жастағы Қытай азаматы Францияда көз жұмды. Ол – Еуропада коронавирустан қайтыс болған бірінші адам.  

15.02.20 Қытай коронавирус жұқтырғандарды өлім жазасына кеседі

Қытай билігі қызуы көтеріліп, жөтеліп-шашалған адамдардың қоғамдық көліктерге мінуіне қатаң тыйым салды. Яғни, COVID-19 коронавирусының таралуына себепкер болған жандардың қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертті.

15.02.20 Испанияда фермерлер көтерілді

  Испанияда ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер жаппай шаруге шықты. Шеру елдің бірнеше қаласында өткен. Ал халық ең көп жиналған қала – Валенсия.  

15.02.20 Екі айлық нәресте коронавирустан айығып кетті

Қытайда екі айлық нәресте коронавирустан айықты. Ол елдегі ем дарыған ең жас пациент ретінде тіркеліп отыр.

15.02.20 Жапония коронавирусқа СПИД препаратын пайдаланбақ

Жапонияның Денсаулық сақтау, еңбек және әл-ауқат министрлігі  коронавирус жұқтырған науқастарды емдеуге СПИД-ке арналған  препараттарды пайдаланып көрмек. Қазір клиникалық зерттеулер жүргізуге шешім қабылданған.

15.02.20 АҚШ коронавирусқа қарсы препарат әзірлеуге кірісті

Қараша айына дейін АҚШ-тың бес ірі фармацевтикалық компаниясы COVID-19 коронавирусына қарсы вакцинаның 150 миллион дозасын дайындауды жоспарлап отыр. Бұл туралы 15 ақпан күні Ақ үйдегі ұлттық сауда кеңесінің төрағасы Питер Наварро мәлімдеді.

15.02.20 Әуесқой желаяқ әйгілі Болттың рекордын жаңартты

Үндістандық құрылысшы Сринивас Гуда дәстүрлі «Камбала» жарысында 100 метрді 9,55 секундта жүгіріп өтіп, әйгілі желаяқ Усэйн Болттың 2009 жылғы Әлем чемпионатында орнатқан әлемдік рекордын (9,58 секунд) жаңартты. Әуесқой спортшы 142 метр қашықтықта 13,62 секундта артқа тастаған.