Әлем

19.02.20 Diamond Princess кемесіндегі карантин тоқтатылды

Жапонияда тұрған Diamond Princess кемесіндегі карантин 14 күннен кейін алынып тасталды. Жолаушылар жағаға шыға бастады.

19.02.20 Қытай зерттеуі: коронавирус кімдерге қауіпті?

Қытай билігі коронавирус жұқтырды делінген 44 мың адамның жағдайын егжей-тегжейлі зерттегеннен кейін, оның алғашқы нәтижелерін жариялады. Бұл – індет басталғаннан бергі ең ірі ғылыми жұмыс.

19.02.20 Қару асынған әжей

Американың Жаңа Орлеан қаласында әжей немересін ауруханадан «алып кету үшін» шабуыл жасады. Бұл туралы Fox News хабарлады.

18.02.20 Ұлыбритания су тасқынынан сақтана алмады

Уэльсте толассыз жауған жаңбыр салдарынан жойқын су тасқыны болып, алты адам қаза тапқан. 

18.02.20 Корея президенті коронавирус аймағына өз ұшағын аттандырды

Оңтүстік Корея өзінің төрт азаматы мен бір кореялықтың жапон азаматтығы бар жұбайын өз еліне алып қайту үшін VCN-235 президенттік ұшағын аттандырды.

18.02.20 Ким Чен Ын саяси дұшпанынан тағы да жылқы сатып алды

Солтүстік Корея үкіметі басшы Ким Чен Ын үшін Ресей федерациясынан тағы да бірнеше желісті жылқы сатып алды.

18.02.20 Коронавирустен қауіптеніп, қытайлар ақшаның көзін жоюды бастады

Қытайда ауруханалардан, базарлар мен автобустарда және инфекция таралатын басқа жерлерде жиналған банкноттардың көзін жойып жатыр. Қытай билігі коронавирус індетінен ең көп зардап шеккен аудандардан жиналған ақшаның белгілі бір бөлігін жою туралы шешім қабылдағаны туралы Business Insider агенттігі мәлімдеп отыр.

18.02.20 Уханьдағы бас дәрігер қайтыс болды

Уханьдағы «Учан» ауруханасының бас дәрігері Лю Чжимин коронавирус дертінен көз жұмды. Бұл туралы Қытайдың Орталық телеарнасы хабарлады.