Әлем

24.02.20 Иранда шеруге шыққан 3 адам өлім жазасына кесілді

Тегеран соты былтыр қараша айында бензиннің қымбаттауына қарсы шеруге шыққан үш адамды өлім жазасына кесті. Сот оларды түрмеге қамауға алып, «қарумен тонаушылық жасады» деп айып тағып, шыбықпен сабауға үкім шығарған.

24.02.20 АҚШ әскери кемесі Қара Теңізде

Америкалық USS Ross атты әскери кеме Қара Теңізге қауіпсіздікті қамтамасыз ету және аймақтағы тұрақтылықты арттыру операция шеңберінде жүзіп келген.  Бұл туралы АҚШ-тың әскери теңіз күштерінің баспасөз қызметі хабарлаған.

24.02.20 Украина: Қытайдан келетін азық-түлікті тұтынбау керек

Украина Денсаулық сақтау министрлігі Новый Санжарда каранитинде жатқан адамдарға Қытайдан келетін азық-түлікті тұтынуға тыйым салды.

24.02.20 Коронавирус тағы үш елде тіркелді

Коронавирус індет болып, жайылып барады. Бүгін бұл вирусқа шалдыққан науқастар Кувейтте, Бахрейнде және Ауғанстанда тіркелді.

24.02.20 Үндістанда тағы бір МиГ-29К ұшағы апатқа ұшырады

Үндістанның Ресейден сатып алған МиГ-29К истребительі Hansa әскери-әуе базасынан ұшып шыққаннан кейін апатқа ұшыраған. Оқыс оқиға 23 ақпан күні оқу-жаттығу кезінде болған.

24.02.20 Оңтүстік Кореяда коронавирус қаупінің «қызыл деңгейі» жарияланды

23 ақпан күні коронавирус жұқтыру жағдайларының жылдам өсуіне байланысты  Оңтүстік Корея үкіметі қауіптің «қызыл деңгейін» жариялады. Бұл жөнінде үкіметтің шұғыл отырысын өткізген ел президенті Мун Чжэ Ин мәлімдеген.

23.02.20 Түркиядағы жер сілкінісінен 7 адам қаза тапты

Иранда болған жер сілкісіні салдарынан Түркияда жеті адам опат болды, оның ішінде үш бала бар.

23.02.20 Тарантино әке атанды

56 жастағы америкалық режиссер Квентин Тарантино мен 36 жастағы израильдік Даниэла Пик ұлды болды.