Әлем

07.03.20 Зеленскийдің өкілдігі Қырымға су беруге қарсы

Украина президенті Владимир Зеленскийдің Қырымдағы өкілдігі түбекке су беруді қалпына келтіруге қарсы шықты. Бұл туралы  өкілдіктің Facebook-тегі парақшасында жария болды.

07.03.20 Коронавирус кесірінен 290 миллионнан астам бала сабақтан қалды

Қазіргі таңда әлем бойынша коронавирус жұқтырған адам саны 100 мыңнан асып кетті. Бұл індеттен желтоқсаннан бері 3445 адам көз жұмған.

07.03.20 Трамп пайыздық өсімақыны мейлінше төмендеткісі келеді

АҚШ президенті Дональд Трамп Федералды қор жүйесін пайыздық өсімақыны мейлінше төмендетуге шақырды. Бұл туралы Рейтер агенттігі хабарлайды.

07.03.20 Өзбек президенті сотталған 83 әйелге рақымшылық етті

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев «Әйелдердің Халықаралық күніне байланысты бас бостандығынан айырылған бір топ сотталған әйелге рақымшылық жасау туралы» қаулыға қол қойды.

07.03.20 Түркімен президенті Ашхабадты атпен аралады (видео)

Түркіменстан  президенті Гурбангулы Бердімұхамедов Шаполат дейтін атына мініп Ашхабадтағы жаңа ғимарат құрылыстарының және қаланы көгалдандыру шарасының дайындығын пысықтап қайтқан. Бұл туралы «Хроники Туркменистана» басылымы хабарлайды.

07.03.20 Путин мен Ердоған «ентігін басып алуға» келісті

Түркия президенті Ережеп Тайып Ердоған мен Ресей президенті Владимир Путин Мәскеуде кездесіп, Сирия жерінде бір-біріне оқ атпауға уәде берді. Осылайша, жабулы қазанды жабулы күйінде қалдырды. Бірақ өктемшіл екі серке Сирия мәселесінде дұшпан күйінде тарқасты.

06.03.20 Кабулда Ауғанстан премьері қатысқан шара кезінде атыс болды

Кабулда моджахедтердің көшбасшысы Абдула Али Мазаридің дүниеден озғанына орай өткен еске алу шарасында белгісіз біреулер оқ жаудырды.

06.03.20 Коронавирус Иран елшісін өлтірді

Иранның Сириядағы бұрынғы елшісі 68-жастағы Хоссейн Шейхолислам коронавирустан көз жұмған