Әлем

21.03.20 Ресей: коронавирус жұқтырғандар 253-ке жетті 

Ресейде коронавирус жұқтырғандар саны 253 адамға жетті, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.  

20.03.20 Ресейде коронавирусқа қарсы 6 түрлі вакцина жасалды

Ресейлік ғалымдар коронавирус инфекциясына қарсы 6 вакцина ойлап тапты, деп мәлімдеді Ресей премьер-министрі. Михаил Мишустин бұл туралы 20 наурызда өткен үкіметтің коронавируспен күрес жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысында айтты.

20.03.20 Дәретханадан қағаз ұрлайтындар көбейген

Қоғамдық дәретханалардан қағаз бен сусабын ұрлайтындар көбейіп барады. Мұның себебін мамандар «карантин бола қалса, қайтем?» дейтін жұрттың қаупімен байланыстырып отыр.  

20.03.20 Вирустың 17-ші күні қауіпті

Қытайдың Ухань университеті жанындағы Чжуннань ауруханасының ғалымдары коронавирустың негізгі белгілерін атап, қауіпті індетті суық тиюмен шатастырмаудың жолын айтты

20.03.20 Жаһандық дағдарыс басталды

Ең ірі Goldman Sachs және Morgan Stanley инвестициялық банктерінің сарапшылары коронавирус әлем экономикасында рецессияны іске қосты деп санайды

20.03.20 Brexit мәмілегері вирус жұқтырды

Еуро Одақтың Brexit мәселелері бойынша мәмілегері Мишель Барнье COVID-19 коронавирусын жұқтырды. Бұл туралды ол бейсенбі күні Twitter-де мәлім етті

19.03.20 Ресей: Вирус жұқтырған науқас қайтыс болды

Мәскеудегі №2 жұқпалы аурулар ауруханасында коронавирусқа шалдыққан 79 жастағы тұрғын қайтыс болды

19.03.20 Трамп коронавируспен күреске 100 млрд доллар бөлді

АҚШ президенті Дональд Трамп коронавирус жұқтырғандарға 100 миллиард доллар көлемінде әлеуметтік және қаржылық көмек көрсету туралы заңға қол қойды. Бұл туралы сәрсенбі күні Ақ үйде өткен баспасөз конференциясында мәлім болды.