Әлем

25.03.20 Түркияның 30 азаматы шетелде қайтыс болған

Коронавирус жұқтырған Түркияның 30-дан астам азаматы шетелде көз жұмды. Бұл ақпаратты Түркия Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу растады.

25.03.20 Сыра өндіретін зауыттар антисептикке ауысты

Мұндай шара қауіпті індеттің алдын алуға атсалысу ниетінен туындап отыр. Қол тазартқыштардың (антисептик) алғашқы партиясы қайырымдылық ұйымдарына тегін беріледі.

25.03.20 Қырғызстан «бағыттама қағазын» әзірлеп жатыр

Төтенше жағдай кезінде Бішкек тұрғындары көшеге шыққысы келсе, өзімен бірге «бағыттама қағазын» алып жүруге міндетті.

25.03.20 Адамзаттың өмірі қыл үстінде тұр

Осыдан бір апта бұрын «Италияда коронавирустан көз жұмғандар көбейді» деген хабарды естідік. Сол тәулікте қаза болғандар саны 150-250 болса, осы аптада тәулігіне 650-750 адамға жетті

25.03.20 Өзбекстан бетпердесіз жүргендерге айыппұл сала бастады

Өзбекстанда бүгіннен, яғни 25 наурыздан бастап көшеде бетпердесіз жүргендерге қомақты айыпұл салынады. Ортақ талапты орындамағандар осындай жаза қолданылатыны жұртшылыққа 23 наурыз күні ескертілген.

25.03.20 Вирусолог: АҚШ-та 1,6 млн адам көз жұмуы мүмкін

Ұлыбританиядағы Кент университетінің вирусологы Джереми Россман аса қорқынышты болжам жасады. Оның айтуынша, бір жыл ішінде коронавирустан АҚШ-та 1,6 миллион, ал Ұлыбританияда  330 мың адам көз жұмуы мүмкін.

25.03.20 Түркия: бір тәулікте 343 адамнан вирус анықталды

Әлемді жайлаған коронавирус түрік бауырларымызды да есеңгіретіп барады. 24 наурыз күні 343 адамның вирус жұқтырғаны анықталса, оның жетеуі көз жұмған.

25.03.20 Алғашқы оқиға: індеттің екі бірдей штаммын жұқтырған

Исландиядағы науқастардың бірінен коронавирустың екі бірдей штаммы анықталды. Бұл туралы Reykjavík Grapevine журналы deCODE биофармацевтикалық компаниясының басшысы Кари Стефанссонға сілтеме жасап хабарлады.