Әлем

28.03.20 Үндістан карантиннің ең қатаң режиміне көшті

Үндістан билігі 1,3 миллиард халқын үйге қамау үшін жанталасып жатыр. Көшеден ұсталғандарды сойылға жығуға рұқсат берілді. Премьер-министр Нарендра Моди: «Біз мәселені 21 күнде шешпесек, 21 жылға кейін кетеміз» деді халыққа үндеуінде.

27.03.20 Ухань көшесі әлі тым-тырыс

Қытайдың Ухань қаласында  карантин алынып тасталғанымен, тұрғындар көшеге шығуға асығар емес. Олар «эпидемияға тұсау салынды» деген ресми статистикаға сенбейді

27.03.20 Ресейде коронавирус өршіп барады

Ресейде коронавирус жұқтырған адамдардың саны мыңнан асып жығылды

27.03.20 Коронавирус премьер-министрге де жетті

Ұлыбританияның премьер-министрі Борис Джонсон коронавирус жұқтырып алды

27.03.20 Коронавирус Кремльге кірді

Ресей президенті Владимир Путиннің баспасөз-хатшысы Дмитрий Песков мемлекет басшысының әкімшілігінде бір адамның коронавирус жұқтырғанын растады.

27.03.20 Қытай шетелдіктердің елге кіруіне тыйым салмақ

28 наурыздан бастап Қытай шетелдіктерге елге кіруге тыйым салады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

27.03.20 Өзбекстан коронавируспен күрескен дәрігерлерге 2,5 мың АҚШ долларын бермек

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзяев коронавирус жұқтырған науқастарды емдеуге жұмылдырылған дәрігерлерге ай сайын 2,5 мың доллар беретінін мәлімдеді. 

27.03.20 АҚШ әлемдегі коронавирусқа қарсы күреске $274 млн бөледі

Помпеоның айтуынша, бұл қаржы пандемиядан қатты зардап шегіп отырған 64 елге берілмек. Қаражат босқындар ісі жөніндегі БҰҰ жоғарғы комиссары басқармасына бөлінеді