Әлем

31.05.20 Бразилияда бір тәулікте вирус 26 мың 928 адамға жұқты

Бразилияда соңғы тәулікте 27 мың адам вирус жұқтырған.

31.05.20 Трамп Қытай ғалымдарына қырын қарайды

Шектеулер аспиранттар мен ғылым докторларына қатысты, деп хабарлайды «Хабар 24». Президенттің пікірінше, олар елдің қауіпсіздігіне қатер төндіреді.

30.05.20 Гонконгтың ақыры

Қытай үшін алдымен Гонконгті тізе бүктіру алғашқы қадам болмақ. Гонконг әзірге қарсыласып бағуда. Десе де, бұл – аралдағы азаттықтың, азаматтық қоғамның ақырғы демі, соңғы тұяқ серпуі секілді...

30.05.20 АҚШ-та тағы бүлік шықты

Миннеаполис қаласында қарусыз афроамерикалық азамат полицейлердің қолынан қаза тапқаннан кейін АҚШ қалаларында қарсылық шарасына қатысушылар полицейлермен қақтығысты

30.05.20 Lufthansa өзін банкрот деп жариялауы мүмкін

Еуропаның ең ірі әуетасымалдаушы компаниясы Lufthansa өзін банкрот жариялауы мүмкін. Бұл туралы компания өкілі хабарлады. Осыған дейін концерн мемлекеттен көмек сұраған болатын. 

30.05.20 Еурокомиссия денсаулық сақтау саласына қатысты жаңа бағдарлама ұсынды

  Еурокомиссия денсаулық сақтау саласын қолдауға бағытталған жаңа бағдарламаны ұсынды. Оған сәйкес, интенсивті терапияға қажетті дәрі-дәрмек пен медициналық жабдықтың тұрақты қорын құру көзделген.

30.05.20 Италияда 1 млн жұмыс орны қысқаруы мүмкін

 Италияда пандемияның экономикалық салдары кесірінен бір миллионға дейін жұмыс орны қысқаруы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24». 

29.05.20 Францияда КВИ-ді хлорохин дәрісімен емдеуге тыйым салынды

«Ланцет» журналында ауқымды зерттеу нәтижелері жарияланғаннан кейін Франция билігі коронавирусқа қарсы хлорохин қолдануға тыйым салды, деп хабарлайды «Хабар 24».