Әлем

02.05.20 Су қоймасы неден жарылды?

 1 мамырда нөсер жаңбыр жауып, қатты жел соғуы салдарынан Өзбекстандағы Сардоба су қоймасының бөгеті жарылып кеткен. Елді мекендерге, коммуникациялық желілерге, егістіктерге зақым келген, деп хабарлайды Өзбекстанның ұлттық ақпарат агенттігі. 

02.05.20 Джек Ма гуманитарлық көмектің екінші партиясын жіберді

Алматыға Джека Ма мен «Alibaba Group» қорларының гуманитарлық көмегінің екінші легі жеткізілді. Онда 50 016 дана тест және 30 мың дана жасанды тыныс алу аппараты бар.

02.05.20 Ким Чен Ын тірі ме?

Сенбі күні солтүстіккореялық БАҚ КХДР басшысы Ким Чен Ын түсірілген бейнероликті жариялады. Бұл оның соңғы 20 күн ішінде алғаш рет көпшілік ортадан көрінуі, деп хабарлайды ВВС.

01.05.20 Шетелде екі қазақ сотталды

Оңтүстік Кореяға заңсыз барған екі қазақстандық Таиланд азаматына шабуыл жасап, ақшасын тонағаны үшін бас бостандығынан айырылды

01.05.20 COVID-19 әлемде 233 263 адамды жалмады

Әлем бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 3 256 570 жетті,  233 263 адам мерт болған, 1 014 524 науқас қауіпті індеттен жазылып шыққан. Мұндай мәліметті Джонс Хопкинс университеті таратты.

01.05.20 Вирус қолдан жасалынбапты

АҚШ COVID-19 коронавирусының адам қолынан жасалмағанын мойындады. Бұл туралы АҚШ ұлттық барлау қызметінің директорлар кеңсесі мәлімдеді.

01.05.20 Премьер-министр вирус жұқтырып алды

Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин коронавирус жұқтырып алды. Бұл туралы Мишустин президент Путинге видео конференция кезінде мәлімдеді.

30.04.20 Өзбекстанда онлайн емхана ашылды

Интернет-портал ел астанасы Ташкенте құрылды, деп хабарлайды «Хабар 24».