Әлем

12.05.20 Тәжікстанда науқастарды студенттер емдеп жатыр ма?

Тәжік мемлекеттік медициналық университетінің басшылығы түлектер мен 5-курс студенттерін Душанбедегі коронавирус жұқтырғандар жатқан ауруханаларға жіберіп жатыр.

12.05.20 AI: Ресей мен Асад режимі Сирияның солтүстік-батысында әскери қылмыс жасады

Amnesty International халықаралық құқық қорғау ұйымы соңғы жылда Сирияның солтүстік-батысында Асад режимі мен Ресей тарапынан 18 шабуыл тіркелгенін айтып, мұны әскери қылмыс деп атады.

12.05.20 Қырғызстан Ресейден табиғи газ бағасын қайта қарауды сұрады

1 мамырда Қырғызстанның вице-премьер-министрі Эркин Асрандиев Ресей үкімет басшысының орынбасары Андрей Оверчукпен онлайн сөйлесіп, екі елдің қарым-қатынасын талқылап, газ бағасына да тоқталған.

11.05.20 Өрт неден шықты?

Берлиннің солтүстігіндегі Тегель ауданында ірі өрт болды. Бұл туралы қаланың өртке қарсы қызметі бүгін, жексенбіде Twitter-де жазды.

11.05.20 Оңтүстік Корея қатаң шараларға оралмақ

Карантин режимін жеңілдеткен Оңтүстік Корея халықты оқшаулаудың қатаң шараларына оралады, - деп хабарлайды Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.

10.05.20 Уханьнан індет қайта шықты

Қытайдың Ухань қаласында көптен бері алғаш рет коронавирус жұқтырған адам тіркелді

10.05.20 Кәрістер коронавирус кесірінен клубтарды қайта жапты

Оңтүстік Кореяда коронавирусты жұқтырғандар санының өсіне байланысты клубтар мен барлар қайта жабылды. Бұл туралы Жедел штабтың телеграм каналы хабарлады.

10.05.20 3,8 миллионнан астам адам індет жұқтырған

Әлем бойынша індет жұқтырғандар саны 3,8 миллионнан асқан. Ал қайтыс болғандар саны 265 мыңға жеткен, деп хабарлады Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы