Әлем

04.12.19 Депутаттар да жауаптан қаша алмайтын болды

2020 жылдың 1-қаңтарынан бастап Украинада депутаттық қолсұғылмастық құқығы тоқтатылады. Бұл – енді құқық қорғау органдары Жоғары раданың рұқсатынсыз-ақ депутаттардың үстінен қылмыстық іс қозғап, тұтқындай алады деген сөз. Бұл туралы ng.ru cайты хабарлады.

04.12.19 Мұнай бағасы құбылып тұр

Әлемнің жетекші мұнай биржаларында сейсенбідегі сауда қорытындысы бойынша мұнай бағасы түрлі бағытта өзгерді. Бұл туралы ҚазТАГ  агенттігі хабарлады.

04.12.19 Германияда ұсталған «қазақстандық» киллер

Биылғы жылдың тамыз айының соңын ала Германияда, Рейхстагтың маңында, неміс елінен саяси баспана сұрап жүрген ресейлік шешен азаматы Зелимхан Хангошвилиді ту сыртынан атып кеткен еді. Қылмыскер ізі суымай ұсталғанымен, кім екені дер кезінде анықталмай, неміс құқық қорғау қызметін едәуір әбігерге салған. Араға The Insider, Bellingcat и Der Spiegel басылымдарының тілшілері араласып, журналистік зерттеудің нәтижесінде ғана қандықол қарақшының кім екені анықталды.

04.12.19 Косметика – бактериялардың ұясы

Он косметикалық заттың тоғызы және макияж жасайтын құралдар өлім тудыратын микробтармен залалданған болып шықты. Оның ішінде стафиллококк және ішек таяқшалары да бар. Косметиканы тұтынушылар осы бактерияларды тұрақты түрде бетіне жағады екен. Бұл туралы bbc.com хабарлап отыр.  

04.12.19 АҚШ Ресейді «Алтын Ордамен» қорқытып отыр

АҚШ-тың әскери-әуе күштері  дұшпандарына жартылай автономды жоғары дәлдікті Golden Horde («Алтын Орда») қаруын қарсы қоймақ. Зымыран жасанды интеллект пен коммуникацияны ұштастырып отыр. Бұл туралы Popular Mechanics атты американдық басылым таратқан.

04.12.19 Илон Маскты сотқа берген кім?

Бүгінде Илон Маскты көпшілік «болашақтың адамы» деп атайды. Өз ортасында ерекшеленіп жүретін миллиардердің айтқан сөзі де тым салмақты. Өйткені оны сот залына сөйреген «қылмысы» әлдекімге қарата айтылған сөз.

03.12.19 FaceApp шпиондық құрал болып шықты

FaceApp фотосуреттерді өңдеуге арналған танымал бағдарламалар кіретін кез-келген ресейлік қосымшалар АҚШ үшін «болашақта қарсыбарлау қаупін» тудырады. Бұл туралы ВВС агенттігі хабарлады.

03.12.19 «Беларусь тәуелсіздігіне қауіп төнді»

Беларусь саясаткерлері мен қоғам қайраткерлері осылай дейді. Бұл елдің оппозициясы Ресей мен Беларусь арасындағы интеграцияны тереңдету туралы келісімге қол қоюға қарсылық ретінде осындай ортақ мәлімдеме жариялады. Олар халықаралық қауымдастықты араша түсуге шақырып отыр. Бұл туралы ng.ru сайты хабарлады